Кіру кілті, сыйлық сатып алу ұсынысы және т.б.

Read the original announcement in English
Passkeys, Gift Offers and More

Бүгінгі жаңартуда біз қауіпсіз кіру тәсілін, яғни кіру кілттерін енгіздік. Енді SMS кодсыз жедел кіре аласыз, сыйлық сатып алу ұсыныстарын алаяқтықтан қорғап, хикаяға бейініңіздегі аудионы қоса аласыз.

Кіру кілті

Енді құрылғыңызда кіру кілтін жасай аласыз және Telegram-ға SMS кодтың орнына PIN немесе Face ID, саусақ ізі сияқты биометриялық деректер арқылы бірден кіре аласыз.

Кіру кілттері кез келген жерде, кез келген уақытта саяхаттап жүрсеңіз де, әлемнің шетінде болсаңыз да немесе SMS қызметіңіз істемей қалса да, ол жұмыс істейді.

Кіру кілттеріне арналған бірегей шифрланған кілттер құрылғыңызда сақталады және iCloud, Google сияқты құпиясөз басқару қолданбаларымен үйлестіріле алады. Бұндай тәсіл кіру кілттерін ең жылдам әрі ең қауіпсіз етеді.

Кіру кілтін жасау үшін Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Кіру кілті бөліміне өтіңіз. Бұны кез келген құрылғыда жасай аласыз. Толығырақ ЖҚС-дан оқыңыз.

Бірақ SIM–картаңызды әлі тастамаңыз! Кіру кілті қосулы болса да, тіркелгіңіз өзіңіз басқаратын белсенді телефон нөміріне байланған болуы керек.

Сыйлық сатып алу ұсынысы

Қолданушының бейініндегі сыйлықты қарап, оны ұнатсаңыз, енді оған жұлдыз немесе TON арқылы сатып алуға ұсыныс жасай аласыз.

Сыйлық ұсыныстары Telegram арқылы қорғалады және сатып алушыларды да, сыйлық иелерін да алаяқтардан қауіпсіз етіп, Telegram-да тікелей сатудың ыңғайлы әрі қауіпсіз тәсіліне мүмкіндік береді.

Ұсыныс жасағанда бағасы мен мерзімін өзіңіз орнатасыз. Төлеміңіз ұсыныс мерзімі бойы сақталады. Ұсыныс қабылданбаса немесе мерзімі өтсе, төлемің толықтай бірден қайтарылады.

Ұсыныс жасау үшін сыйлықты қарағанда ⋯ немесе ⋮ батырмасын басып, «Ұсыныс жасау» таңдаңыз.

Біреу сыйлығыңызды сатып алуға ұсыныс жасағанда, ұсыныс сомасының бағалау құнына қаншалықты жақын екенін көресіз. Сатуды растағаннан кейін сыйлық сатып алушыға автоматты түрде аударылады.

Сыйлық ұсыныстары

Хикаядағы аудио

Хикая жариялағанда енді бейініңіздегі плейлисттен тез қосуға болады.

Хикаядағы аудио

Ол үшін Стикер батырмасы → Аудио → Сақталған музыка бөлімінен файлдарды таңдаңыз.

Мұз үстінде сырғанап жүрсеңіз де, қысқы ұйқыға кетесіз бе әлде экватордағы жазды тамашалайсыз ба, аптаңыз жақсы өтсін!


2025 жылы 12 желтоқсан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026